Новости сайта

Кенжебек Шәкенұлы Шәкенов (1924 - 2001), Кеңес Одағының Батыры

 
Picture of agbk admin
Кенжебек Шәкенұлы Шәкенов (1924 - 2001), Кеңес Одағының Батыры
by agbk admin - Thursday, 13 May 2021, 2:39 PM
 

​1924 жылы бұрынғы Семей облысының Жарма ауданында дүниеге келген.


​Майданда 1943 жылдың тамыз айынан бастап болған.
​184-гвардиялық атқыштар полкінің автоматшысы, гвардияның қатардағы жауынгері К. Шәкенов 1943 жылдың қыркүйек айында алғашқылардың қатарында Днепр өзенінен Днепропетровск облысы Мишурин Рог ауылының тұсында жүзіп өтті. Жаудың үш шабуылына тойтарыс беріп, дұшпанның 17 солдаты мен офицерін, ірі калибрлі пулеметін жойды. Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 22 ақпандағы Жарлығымен К. Шәкеновке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

​1961 жылдан 1964 жылға дейін Семей қаржы-экономикалық техникумының директоры болды.
​1978 - 1986 жылдары Алматыда Кеңестік сауда техникумын, қазіргі Алматы мемлекеттік бизнес колледжін басқарды.
2001 жылы 30 желтоқсанда Алматыдағы Орталық зиратқа жерленді.

https://www.instagram.com/p/COpQd6rlkba/